Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция жұрт алдында өзіне қол жұмсамақ болған Атыраулықтың әрекетін түсіндірді

Атырауда пышақ төсеп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған азаматтың ісі әлеуметтік желілерге таратылып, елдің үрейін ұшырды. Ал, жергілікті тұрғындар бұл азаматтың қылығын әртүрлі бағалап жатыр, – деп хабарлайды 31 арнасы.

pyshaktady

 

Әлеуметтік желіге таратылған мына бейнежазба жұрттың жағасын ұстатты. Шілденің отызы күні желіге жарияланған бұл видеодан ер адамның өзіне-өзі қол жұмсауға әркеттеніп, кеңірдегі мен қарын терісін тілгенін анық байқауға болады. Алайда, психолог мамандар оның бұл қылығын өзіне елдің назарын аударуы деп есептейді.

«Шантажды түрдегі суицид әрекеті. Ол көбіне өзінің қандай ма бір тілегін орындату мағынасында. Оның арғы жағындағы тілегінде өлім деген мақсат жоқ», – дейді психолог Ақмарал Шәріпова.

Атырау облыстық ішкі істер департаментінің ресми өкілінің сөзінше сол күнгі оқиға барысында күдікті ретінде екі адам болған. Оның бірі қашып кетіп, екіншісі ұсталған.

«Тексеру барысында бұл екеудің бұдан бұрын да ұрлық тонау, қылмыстарын жасағандары үшін істі болып, сотталғандары анықталды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-191 бабы бойынша жүргізілуде», – Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова.

Психолог маманның сөзінше елдің үрейін ұшырған мұндай көріністер көпшілікке кері әсер береді, сондай-ақ, бұндай жария көрініс жүйке жұқаруының әсерінен болуы мүмкін дегенді айтады.

Талқылау