Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Полиция жүгіріп жүргенімде ұстап әкетті": Қазақстандық журналист әріптестерін қолдағаны үшін жауапқа тартылды

24 сәуірде Алматыда ProTenge жобасының негізін қалаушы әрі бас редакторы Жәмила Маричева полиция бөліміне жеткізілді. Оны полиция Азаттық радиосының қаңтардағы жазбасын қолдағаны үшін ұстап әкеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Facebook Джамиля Маричева

Белгілі болғандай, полиция Маричеваны кешкі уақытта жүгіріп жүргенде ұстап әкетіп, бөлімшеге жеткізген. Журналист жағдайдың жай-жапсарын өзі баяндап берді. 



"Әріптестерім мен ProTenge оқырмандарына қолдау көрсеткендері үшін алғысымды айтамын. Таңертең әлеуметтік желіні ашуға қорықтым, себебі бүкіл жерде менің аты-жөнім жүр екен.

ProTengе жобасын құрып, басқарып келе жатқаныма төрт жылдан асты. Кеше кешкісін жүгіріп жүргенімде полиция ұстап әкетті. Бөлімшеге барған соң Азаттық радиосының қаңтар айындағы жазбасын қолдағаным үшін әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады. Олар мені бөлімшеге арнайы патрульдік көлікпен алып барды. Полиция бөлімінде бастықтың орынбасары қарсы алды. Сосын подполковник пен майор келді. Маған шай, кофе ұсынып, әкімшілік айыппұл төлейтінімді айтты. Айыппұлдың 50 пайызын төлеуге тура келетінін жеткізді. Учаскелік полиция қызметкерінен полиция подполковнигіне дейін телефонмен сөйлесіп, арғы жағындағы белгісіз біреуге процестің қай кезеңінде екенімізді айтып, жеткізіп отырды", - деді журналист. 

Маричеваның сөзінше, полиция оны Азаттық Радиосындағы әріптестерін қолдап, 30 қаңтардағы Telegram жазбасына ұстаған. Журналист жазбаның соңында ProTenge жұмысын жалғастыруға мотивация бергені үшін Мәдениет және ақпарат министрлігіне алғыс айтатынын жеткізді. 

Айта кетейік, бұған дейін Азаттықтағы әріптестерін қолдап жазған басылым постын бөліскені үшін Асхат Ниязовтың үстінен іс қозғалғаны туралы хабарлаған едік. Protenge-де 36 журналист жұмысқа аккредитациядан өтпеген кезде "Азаттықтағы" әріптестерін қолдайтын пост жариялағанын мәлімдеді. Бұл постқа көптеген ірі Telegram арналары ондаған репост жасап, журналистер үлкен ынтымақтастық танытқан.

Талқылау