Полиция жезөкшелерді қамшымен сабаған Жан Ахмадиевтің видеосын тексеріп жатыр
Полиция қазақстандық рэпер Жан Ахмадиевтің бейнежазбасын тексеріп жатыр.

“Қазақпыз ғой” YouTube-арнасында жарияланған видеода орындаушы “жезөкшелерді қамшымен қуып жүр” – осылай деп рэпердің өзі түсіндірген.
Бейнежазбада Ахмадиев қаланы аралап жүріп, жолдың шетінде тұрған жезөкшелермен сөйлеседі. Әңгіме барысында ол кенеттен қамшы алып шығып, қыздардың бірін сабай бастайды.
Полиция бұл видеоға қатысты пікір білдірді.
“Аталған дерек бойынша әзірше арыз түскен жоқ. Видеоны тексеріп жатырмыз”, — деді Алматы ішкі істер департаменті өкілі Салтанат Әзірбек Sputnik Қазақстанға берген мәліметінде.
Тағы да оқыңыз:
Қызылордада тал түсте болған атыс болды: Бір адам ауыр халде жатыр
Кемерово облысының вице-губернаторы халықтан тізерлеп тұрып кешірім сұрады (видео)
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты