Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция саудагерлер аман алып қалған жезөкшенің оқиғасына қатысты пікір білдірді

Алматыда полицейлер “Саяхат” автовокзалының маңында жезөкшелік құлдықтан қаштым деген қыздың ісіне қатысты тексеру жүргізді.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыда жеңгетайлардан қашқан қыз көліктен секіріп кеткен еді. Ол өзін құлдықта ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегенін айтты. 

ІІД мәліметінше, қыз интимді сипаттағы қызмет көрсетіп келген және тексеру жұмыстарының барысында бірнеше рет ұсталған. Ол 2009 жылдан бері Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасындажезөкшелікпен айналысқан тұлға ретінде қылмыстық есепте тұр. Жәбірленушінің айтуынша, ол күнінен әкесіндей он еркекке интимді қызмет көрсеткен.

Адвокат Айман Омаованың айтуынша, қызға бір таксист үй тазалығы бойынша жұмыс ұсыныпты. Алайда оны жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Түнде притонда жұмыс істей бастапты. Қыздың сөзінше, ол Сейфуллин мен Варшавскийдің қиылысында орналасқан. Оны үш апалы-сіңлілі бақылайды.

ІІД мәліметінше, қазір тергеу басқармасы мен ұйымасқан қылмыспен күрес басқармасы кешенді жедел тергеу жұмыстарын жүргізуде. Жәбірленуші “куәгерлерді қорғау” бағдарламасы бойынша күзетке алынған.
“11 мамыр күні  ІІБ мен құқық қорғаушылар мен бірлесіп сотқа дейінгі тергеу шаралары барысында рейд жүргізілді. Жәбірленушінің өзін қинап ұстады деген сөзіне қатысты притон жайлы ақпарат расталған жоқ. Көршілердің айтуынша, бұл мекен-жайда кіші балалары бар отбасы тұрады”, – делінген ІІД-нің хабарламасында.

Полиция сонымен қатар дәлелсіз пікірлер, шындыққа жанаспайтын, жалған ақпарат таратудан аулақ болуға шақырды.

Оқи отырыңыз:

Жүрегім ауырды: Ақтөбелік кәсіпкер мүгедек қыздың отбасына 2 бөлмелі пәтер сыйлады

Алматылық оқушы 8 жасар қызды педофилден құтқарып қалды

Қазақ қызы Самал Еслямова Канн фестивалінде үздік актриса атанды (фото)

Талқылау