Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жеңгетайлардан қашқан қыз көліктен секіріп кетті (видео)

Желіде секс-құлдықтан қашып құтылмақ болған қыздың видеосы тарап кетті.

Алматыда жеңгетайлардан қашқан қыз көліктен секіріп кетті (видео)

Бұл туралы SN.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Басылым мәліметінше, қыз «Саяхат» автовокзалының жанынан өтіп бара жатқан көліктен секіріп кеткен. Осы кезде оны артындағы екінші көлік қағып кеткен.

Алайда қыз сол маңдағы базарға жетіп, күзтешілерден көмек сұраған.

Мұнан кейін қыз секіріп кеткен көліктегі адамдар оның артынан келіп, күзетшілерден алып кетпек болған. Олар өздерін қыздың туысымыз деп таныстырыпты.

Қатты қорыққандықтан болар, қыз сөйлей алмай, артынан келген адамдармен бірге кеткісі келмейтінін ыммен жеткізген. Ол басқа қыздармен бірге 4 жыл бойы құлдықта болғанын айтты.

Ал аталған оқиға түсіп қалған видеоны жариялаған Сүйеніш Мұхаммед Әлидің сөзінше, бұл оқиға 5 мамырда кешкі сағат 17:00 шамасында болған. Сондай-ақ, ол жеңгетайдың «үлкен таныстары бар» қырғыз азаматы екенін айтты.

Оқи отырыңыз:

СҚО әкімі еліміздің оңтүстігінен көшіп келетін жастарға үй салып беруге уәде етті

Қазақстандағы ең бай 50 адамның есімі аталды

Павлодардағы балалар үйінің тәрбиеленушісі ресейлік байқау сахнасында туған анасымен кездесті (видео)

Тойда ортаға шығып тілек білдірген Замираның масқарасы шықты (видео)

Талқылау