Полиция Майкл Джексонның үйінен балалар порносын тауып алған

Сәрсенбі, 22 Маусым , 2016 10:53

Санта-Барбара полициясы араға 13 жыл салып Майкл Джексонның атышулы сотына қатысты жаңа деректер келтірді.

image

Фото: forever-michael.ucoz.com

Бұл туралы Radar Online басылымы хабарлайды.

Тәртіп сақшылары Майкл Джексонның үйінен жалаңаштанған балалардың суреті мен жасөспірімдерге зорлық-зомбылық көрсетілгені таспаланған көптеген видео тауып алған.

“Секс-тергеуге қатысты құжаттар Санта-Барбара полициясында 2003 жылдан бері сақталып жатқан. Тәртіп сақшылары 13 жыл бұрын Джексонның үйін тәркілеуге рұқсат алған. Ол уақытта әншіге жасөспірімді зорлады деген айып тағылған болатын. Мұнымен қатар, Майкл туған жиендерін азғындаған екен. Бұл туралы полиция құжаттарында көрсетілген”, – деп жазады Radar Online басылымы.

Компьютердің қатқыл дискісіндегі, видеокассеталардағы порно мен жасөспірімдердің жалаңаштанған суреттерінен бөлек, Джексонның кінәлі екенін айғақтайтын күнделік табылған.

“Расымен де, Майкл Джексонның сексуалдық қызығушылықтары ерекше болған. Полицияның оның үйінен тапқан заттары мұны айғақтайды”, – деп жазады Radar.

Осыған дейін бес жасөспірім өздерін Майкл Джексонның зорлағанын айтып, бұлтартпас айғақтар ұсынған болатын. Артынша әнші 20 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда 2005 жылдың маусым айында сот төрағасы оны барлық бап бойынша ақтап шықты.

Естеріңізге сала кетсек, әнші 2009 жылдың 25 маусымында 50 жасында қайтыс болған.


Жіберіп алмаңыздар:

Майкл Джексонның Лас-Вегастағы зәулім үйі 9,5 млн. долларға сатылмақ

Майкл Джексонның туыстары Алматыға әншіні еске алу концертне келмекші

Майкл Джексонның атақты биін салған мысық интернетті “жарды” (видео)

Майкл Джексонның рөлін ақ нәсілді актердің сомдауы көпшіліктің наразылығын тудырды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар