Майкл Джексонның туыстары Алматыға әншіні еске алу концертне келмекші
Жанна Абуова өзінің Инстаграм желісіндегі парақшасы арқылы қуанышты жаңалығымен бөлісті. Онда продюсер осынша уақыт бойы Джексондар әулетімен келіссөздер жүргізгенін айтады. Сондай-ақ шаруаның оңынан шешіліп, Алматыда Майкл Джексонды еске алу концерті күзде болатынын, оған танымал әулеттен шыққан әншілердің барлығы келуге ниетті екенін хабарлайды.

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
«Жаратушының арқасында!!! Қымбатты достар, сіздермен қуанышты жаңалығыммен бөліскім келіп отыр. Ұзақ уақыт бойына Джексондар әулетімен, Майкл Джексонды еске алу концертін Алматыда ұйымдастыру бойынша, келіссөздер жүргізген болатынбыз. Кеше түнде келісімдерін алдық. Сахнада сіздер үшін белгілі The Jackson 5 (Майклдың туған бауырлары), 3T (Майклдың жиендері) ән шырқайтын болады. Ең жағымдысы концертке Майклдың қызы Пэрис Джексон келеді» ,-деп жазған Жанна Абуова.


Майкл Джексонның қызы Пэрис Джексон.
"Әліби, өмір сүр!": Тоқалымен көңіл жарастырған жігітті кәсіпкер Қайрат Жамалиев қалай азаптады
Екі ер адамның арасындағы жанжалдың себебі – кәсіпкердің көңілдесі Айнұр Исина
Алматы мен оның маңында 70 мың ағаш құлады: 2011 жылғы жойқын дауылдың қандай салдарын қала әлі күнге дейін сезіп отыр
Медеу мен оған жақын шатқалдарда мұндай күшті дауыл соңғы 100–200 жылда тіркелмеген