Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция қызметкері 6 адамға оқ атып, кейін өзін өлтірді

Сенбі күні кешкі уақытта Францияның Сарсель қаласында полиция қызметкері үш адамды атып өлтіріп, тағы үшеуін жаралаған. Бұл туралы құқыққорғау органдарының мәліметіне сүйене отырып, France Info радиостанциясы хабарлады.

Мәлімдеме бойынша, полиция қызметкері сүйіктісі, оның анасы мен әпкесін жарақаттаған.  Ал оқ жарақатын алған әйелдің әкесі мен екі көршісі көз жұмды.

Мұнан кейін 31 жастағы полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсады. France-Presse агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, полиция қызметкерімен бірге тұратын әйел одан кететінін айтқан. Осы себепті тергеу қызметі тұрмыстық дау-дамай салдарынан жанжал туған деген болжам жасап отыр.

Айта кетсек, Францияның полиция қызметкерлеріне 2015 жылы елде болған лаңкестік оқиғадан кейін кезекшілік соңында қаруды өткізбеуге және оны үйлерінде сақтауға рұқсат берілген.

Оқи отырыңыз:

Роналдудың үйлену тойы қашан өтетіні белгілі болды

Ақтөбелік бойжеткен ресейлік «Серебро» тобының әншісі атанды

Дәл Африкадағыдай: Қазақстан жолдары ең қауіпті саналатын мемлекеттер қатарына кірді

Ресейлік әйел әлеуметтік жәрдемақыға қол жеткізу үшін, баласын жылдар бойы аш ұстап келген

Талқылау