Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция Қытай азаматының тәртіпке бағынбағаны жайлы видеоға түсініктеме берді

Құқық қорғау қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен Қытай азаматы әкімшілік жазаға тартылады.

Алматы облысының полициясы тәртіп сақшылары шетелдікпен алысып жатқаны жайлы әлеуметтік желіде тараған видеоға түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik.

Ішкі істер департаментінің мәліметінше, оқиға 31 қазан күні Панфилов ауданының Қорғас ауылында болған. Видеодағы ер адам – Қытай азаматы.  

“Құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік орган қызметкерінің заңды бұйрығына немесе талабына бағынбау” бабы бойынша шетелдікке қатысты әкімшілік хаттама толтырылды”, — деп хабарлады облыстық полиция.

Іс аудандық әкімшілік соттың қарауына жолданды.

Сол күні Қорғас елді мекенінде жеңгетайлық жасады деген күдікпен тағы бір Қытай азаматы ұсталды.

Полицияның мәліметінше, 41 жастағы шетелдік Солтүстік Қазақстаннан келген екі қызды жезөкшелікке тартқан.

Тағы да оқыңыз:

Семейде жантүршігерлік жол апатынан 3 адам мерт болды

Атырауда 18 жастағы жігіт 14 жастағы жасөспірімнің қолынан қаза тапты

Елбасыдан сөгіс естіген Бозымбаев “Қазмұнайгаздың” топ-менеджерлерін жұмыстан қуамын деп сес көрсетті

Талқылау