Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция Алматыда сел суына ағып кеткен қыз қазасының мән-жайын айтып берді (видео)

Алматыда суға кеткен қыз арықтан секіріп өтпек болған кезде аяғы тайып кеткен, деп хабарлады қалалық ІІД.

2461341

Полицияның хабарлауынша, 7 маусымға қараған түні құтқарушыларға қыздың арыққа түсіп кеткені туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына келген құтқарушыларға куәгерлер 1995 жылғы А. деген азаматшаның жақын маңдағы өту жолын қолданбай, секіріп өтпек болғанын айтып берген. Салдарынан тайып кеткен қыз арыққа құлап, оны ағын су әкеткен. Содан жол астындағы арық құбырына кіріп кетіп, тіреліп қалған.

“Оның жанында болғандар жәбірленушіге көмектесе алмай қалған. Мүрдені алып шығу үшін құтқарушылар тексеруге арналған люкті ашып, бетон қоршауды сындыруға мәжбүр болды. Оған біраз уақыт кеткен”, — деп түсіндірді полицияда.  Алдын ала деректер бойынша, оқиғаға дейін жәбірлеушінің қасында болғандар қаладағы көңіл көтеру орындарының бірінде уақыт өткізіп, өздерінің айтуынша алкогольдік ішімдік ішкен, деп атап өтті полицияда. Адам өлімі дерегі сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.  Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы оқиға бойынша материалдар Медеу аудандық ІІД өндірісіне алынды.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады!

Тағы да оқыңыз:

Талғар өзенінде селфи жасамақ болған ер адам көз жұмды

ШҚО-да ер адамды жөндеп жатқан автобусы басып қалып мерт қылды

Оралда 4 адам көз жұмған жол апатында марқұмдардың алтыны мен ақшасын ұрлап кеткен (видео)

Талқылау