Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлердің туыстарын қорқытпақ болды: Алматыда халықты жиһадқа шақырғандар ұсталды

Ер адамдардан құралған топ полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлерді, олардың отбасы мүшелерін қорқытпақ болған.

Топтың көшбасшысы Жұмағұлов, Өміров, Әбішевке қамауға алынды. Тергеу мәліметіне сәйкес, олар заңсыз қоғамдық ұйым атынан науқан жүргізген.

1966, 1970, 1974 жылғы күдіктірер Шығыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облысының тумасы. Бірі адам өлтіргені үшін бұрын сотталған.

Алматы ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, күдіктілер насихат материалдарын дайындап, жиһадқа шақырып видеоүндеу жолдаған.

Олар тыйым салынған “Хизб-ут-Тахрир” партиясының бейнесін қолдана отырып, видеоүндеуді жабық кейіпте жүргізген. Халықты көп болып жұмыс істеуге, идеяларын қолдауға шақырған.

Одан бөлек күдіктілер өздерінің іс-әрекетін жасыру үшін ету үшін пікірлестерді іздестіріп, жұмысқа тартқан.  Мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорқыту жөнінде іс-қимылдар жүргізуді жоспарлады. Жасырын қоңырау шалып, бейнежазбалар мен олардың отбасы мүшелерін қорқытпақ болды.

Бір нұсқа бойынша, топ шетелден жіберілген.

Тағы да оқыңыз:

Бұдан былай ХҚКО-ға бармай-ақ тіркеуге тұруға болады

Алматы облысында дәрігер ота жасаған науқастың денесінде затын ұмытып кеткен

Құдай жалғыз: Баян Мақсатқызы мешітте де, шіркеуде де өзін жайлы сезінетінін айтты

Талқылау