Бұдан былай ХҚКО-ға бармай-ақ тіркеуге тұруға болады

Сейсенбі, 28 Қараша , 2017 17:04

Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту бойынша ІІМ жүйелі шаралар қабылдап отырғанын атап өтті.

Бүгінгі күні Министрлік мемлекеттік қызметтің 39 түрін көрсетеді, ведомствоның қызметкерлері 286 халыққа қызмет көрсету орталығында және 14 арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеуде, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

10 ай ішінде азаматтарға 19 млн 742 мыңнан астам қызмет көрсетілді, оның басым көпшілігі – мекенжай анықтамаларын беру, автокөліктерді тіркеу, халықты құжаттандыру және азаматтарды тұрғылықты және уақытша тұру орындарына тіркеу.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді жеңілдету және процестерді жылдамдату үшін ІІМ оларды электрондық үкімет порталы арқылы автоматтандыруды белсенді енгізуде.

Сонымен қатар 2017 жылдың басында ХҚКО-на бармай-ақ онлайн режимде «электрондық үкімет» порталы арқылы уақытша тіркеу жүргізу мүмкіндігі туды.

«Биыл 1 қарашадан бастап уақытша және тұрақты тіркеу кезінде тұрғын үйге меншік құқығы туралы 2-нысанды анықтаманы талап ету жойылды (тек 25 күн ішінде 138 мың адам тіркеуге тұрды, оның ішінде 115 мың адам – тұрақты тіркеуге және 23 мың адам уақытша тұратын орны бойынша тіркелді). Сондай-ақ қазіргі уақытта ХҚКО-на бармай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы тұрақты тіркеуге тұру және азаматтарды тіркеуден шығару механизмі пысықталды, оны 2018 жылы іске қосу жоспарланды», – деп атап көрсетті министрдің орынбасары Тұрғымбаев.

Ақпарат және коммуникациялар, Әділет, Ішкі істер министрліктерінің ақпараттық жүйесін біріктіру негізінде «Электрондық үй кітапшасы» жасалынды, ол әрбір елді мекен бойынша халықтың көшіп-қонуына мониторинг жүргізуді жақсартады, үйдің иесіне оның меншігінде тіркеуге тұрған адамдар туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда анықтамаларды смс арқылы беретін болды

Алматы облысында дәрігер ота жасаған науқастың денесінде затын ұмытып кеткен

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар