Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлерден қашып мұхитта жүзген жігіт акулаға тап болды (видео)

Американың Серф-сити штатында полициядан жүзіп қашып кетпекші болған ер адам акулаға кез болды.

2362538_630x354

Полицейлердің квадрокоптері түсіріп алған видео Youtube-каналда жарияланған.

Көлікпен келе жатқан 20 жастағы Закари Кингсбериді тоқтатқан тәртіп сақшылары оның көлігінен есірткі тапқан. Полицейлерден құтылу үшін мұхитқа секіріп кеткен жігіт, жүзіп қаша бастапты.

Кингсберидің артынан квадрокоптер ізге түседі. Ол бір жарым сағат түсіріп, 1,2 шақырымды артқа тастаған жігіттің артынан қалмай қояды. Кадрдан оның жолай акулаға тап болғаны да байқалған. Ақыры жігітті үш сағат өткен соң қаладағы жағажайлардың бірінде тұтқындайды. Оған есірткі бойынша айып тағылған.

Оқи отырыңыз:

Ер адам жүз мың араны денесіне қондырып бір сағат отырды (видео)

Екі аталық арыстан аналығының көзінше жақындасты

11 жасар қазақ баласы бөтелке үстінде тұрып кеуде көтеруден рекорд орнатты (видео)

Лотереядан 785 миллион доллар жеңіп алған әйел бірден жұмысымен қош айтысты

Талқылау