Полицейлер жұмбақ күйде жоғалған медбикеге қатысты оқиғаны анықтауда

Сенбі, 25 Маусым , 2016 20:27

Алматы облысының полицейлері Қарасай ауданында жұмбақ күйінде жоғалып кеткен медбикеге қатысты оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Безымянный

Сурет: 365info.kz 

Гүлнәр Есенәлиева ұжым жиынына кетіп, содан үйіне оралмаған. Бүгінге дейін оның жоғалғанына бір аптадан асты. Әріптестері оның өліміне қатысты пікір білдіруден бас тартқан. Оны тек туыстары ғана іздестіріп жатыр.

Бақытжан Есеналиев анасын бір аптадан бері іздеуде. Ол Қаскелең өзененінің барлық қуысын тінтіп шыққан. Сол өзеннің бойынан әйелді соңғы рет көрген. Гүлнәр Есенәлиева 18 маусымнан бастап іздестіріліп жатыр.

«Қазір ТЖ жұмысшылары мен полицейлер іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдағы уақытта нәтижесі белгілі болады деп ойлаймын», – дейді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Гүлнәр Есеналиева бір өзі екі баланы асырап отырған ана. Үлкені Бақытжан 22 жаста. Ал, екінші баласы 11-де. Балаларға қазір туыстары қарап отыр. Ұлдары анасын іздеуге көпшіліктен көмек сұрайды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар