Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ІPhone иелеріне алаяқтық жөнінде ескерту жасалды

Астана ІІД алаяқтардың арбауына түскен азаматтардың шағымын ескеріп, тергеу жүргізіп жатыр, деп хаарлайды Stan.kz.

Астана қалалық ІІД  баспасөз қызметінің мәліметінше, көпшілігінде алаяқтар iPhone телефоны құлыпқа түсіріп, оны ашуға ақша сұраған.

Алаяқтардың алдау жолы әр түрлі. Мәселен, алаяқ “В Контакте” желісінде сөйлесіп отырып, iPhone телефоны арқылы сізден «Найти Айфон» қызметін басуды сұрайды. Осылайша құрбаны өз логині мен құпия сөзін береді. Алаяқ ғаламтордан оны өзгертіп тастайды. Қолданушының телефоны құлыпталып қалады. Немесе алаяқтар телефон сатып алатындарға WhatsApp арқылы жазып, телефонның моделі барлық кезде сәйкес келе бермейтінін айтып, логині мен құпия сөзін жіберуді сұрайды. Оқиға тағы да жоғарыда айтқандай өрбиді.

Кейіннен алаяқтар телефон иесіне телефонының бұғаттап тастағанын, бұғаттан алу үшін QIWI жүйесі арқылы ақша төлеуді талап етеді. Қазір кешенді жедел шаралар жүріп жатыр.

Қазақстанда жаңа iPhone Xs телефонының құны белгілі болды. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау