Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Плейбойдың” танымал моделі қарағандылық «Шахтердің» футболшысына тұрмысқа шықпақ

Қарағандылық «Шахтердің» болгариялық қорғаушысы Пламен Димов Maxim және Playboy журналының моделі Благовесте Бонбоноваға ұсыныс жасады.

photo_58399

Димов махаббатына деген жүрек қалауын тура жаңа жыл түні білдірген. Ал ару әлеуметтік желілерге екеуінің неке жүзігін киіп түскен суреттерін салу арқылы, ұсынысқа келіскенін жария етті. 

«Пламен барлығын өте жақсы ұйымдастырды. 12-ге санаулы минуттар қалғанда ол Благовестенің алдына отырып, фейервектер атқылар сәтте оның қолын сұрады. Романтикаға толы кеш болды», – деп баяндайды керемет сәттің куәгерлері.

5a7e6d4e23771b8c3b2d7c444b72c6e3

60abb46307476647b706b3605995a159

Димов өткен маусымды қызылордалық «Қайсар» сапында бастаған. Қызылордалық ұжым қатарында екі-ақ ойын өткізгеніне қарамастан, мергендігімен танылып үлгерген еді. Одан кейін кеншілер сапына ауысып, 10 матчта 2 мәрте қарсыластар қақпасын дәл көздеген.

Талқылау