Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлдағы түнгі клубтың алдында екі қызды қағып кетті

Петропавл қаласында Лексус автокөлігі екі қызды қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Петропавлдағы түнгі клубтың алдында екі қызды қағып кетті

Департамент баспасөз қызметінің мәліметінше аталған оқиға қаладағы түнгі клубтардың бірінің маңында тағы сағат 04:30 да орын алған.

«Жол-көлік оқиғасы факті бойынша соталды тергеу ісі қозғалды. Екі қызды қаққан «Лексус» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты қылмыстың «Көлік құралын жүргізіп отырған адамның жол жүру ережесін бұзу немесе көлік құралдарын пайдалану» бабы бойынша іс тергеледі. Соттық экспертизалар белгіленді. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметі.

Жапа шеккендер түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі қызда ауыр хәлде. Олардың біреуі бас сүйек-ми зақымын алған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау