Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда ұлттық гвардия курсантын өлтіріп кетті

Петропавлда Ұлттық гвардия әскери институты курсантының өліміне байланысты сот алды тексеру жұмыстары басталды.

Безымянный

“Күдікті 19 жастағы курсант ұсталып, уақытша тергеу изоляторында отыр. Сот алды тексеру жұмыстарының материалдары әскери-тергеу басқармасына берілді”, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 7 қыркүйек күні сағат 14:45-те 3 курс курсанты қатардағы Ғалымжан Тұрсын пышақ жарақатымен жеткізілген.

“Жедел жеткен жедел жәрдемнің екі бригадасы мен медициналық қызметкерлердің көрсеткен көмегіне қарамастан, курсант ауыр жарақаттан 15:45-те көз жұмды”, – деп хабарлайды.

Төтенше жағдай екі әскери қызметшінің арасында өрбіп, ақырында соңы адам өліміне соқтырып отыр. Күдіктінің аты-жөнін айтылмады. Қаза тапқан курсант 19 жаста. Ол әскери қызметін өтеуге Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш қаласынан шақырылған екен. Ұлттық гвардия қатарында 2015 жылдың 3 тамызынан бері қызмет етіп келеді.

Оқи отырыңыз:

Дін істері министрлігінің лауазымды шенеунігі сотын Астанада өткізуге қарсы шықты

Ақтөбеде үйлерді қирата жаздаған тепловоз машинисіне іздеу жарияланды

Ақтөбеліктер теңгеге арналған ескерткішке тәу етіп жүр

Қазақстанда теміржол билетін арзандату мәселесі қаралуда

Талқылау