Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеліктер теңгеге арналған ескерткішке тәу етіп жүр

Жұрт темірден құйылған алып ақшаға қол тигізіп, сүйкенсе байлыққа кенелеміз деп сенеді, – деп хабарлайды КТК арнасы.

огогол

Бұл ескерткішті аймақтағы қаржы саласының қызметкерлері ақша жинап тұрғызыпты. Бос жатқан аумақты тазартып, гүлзарға айналдырған. Бірақ демеушілік еткен қаржыгерлер бұл игі іске қанша қаражат жұмсалғанын айтпады. Дегенмен, жақында ғана ашылған жүз теңге белгіленген ескерткіштің қасиеті туралы сыбыс тұрғындар арасында тез тарап кетті. Тіпті, әлеуметтік желі арқылы бір келіншек алып темір ақшаға қол тигізген күні несиесінен құтылғанын айтады. Көпшілік мұны алып-қашпа әңгімеге баласа да, ескерткішке ырым етіп келетіндердің қатары азаяр емес.

“Осы араға келген кезде ақшамыз көп  болса екен деп ырым қыламыз.  Балаларымызды әкеліп суретке түсірдік ашылған кезде.. Ақша болса бәрі де шешіледі”, – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Қанымша Бадауова.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда теміржол билетін арзандату мәселесі қаралуда

Күн аса күшті жарылыс әсерінен сілкінді

Қазақ ақсақалы 12 баланы ажалдан аман алып қалған

Петропавлда балгер емдеймін деп адамдардың алтындары мен ақшасын алдап алып кеткен

Талқылау