Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда қыз үшін жанжалдасқан жігітті өлтіріп кетті

Өткен сенбіде Петропавлдың Черемушек ауданында пышақ жарақаты бар жігіттің денесі табылды.

1488339832_na-sahaline-devushka-udarom-v-serdce-ubila-sozhitelya

Бұл туралы pkzsk.info хабарлайды.

Жас жігіттің денесін жолдың бойында көліктен түсіріп кеткен. Белгілі болғандай жігіттер қыз үшін дауласып қалған. Олардың бірі сүйіктісін бір жігіттен қызғанып оған көлігімен келеді. Нәтижесінде келген жігіт үшін жанжал қайғылы аяқталып, оған пышақ салынған.

Бұзақы қан-қан болған денені Рижск мен Интернациональный көшелерінің қиылысына тастайды да өзі өлген жігіттің көлігіне отырып кетіп қалған. Кейінірек ол көлікті Новопавловка ауданына қалдырады. Сондай-ақ, қайтыс болған жігіттің телефонын ұстап қаладан автобус арқылы кетіп қалуға талпынған.

Оның ізіне түскен полицейлер күдіктіні дереу ұстап алады.

Оқи отырыңыз:

Алматыда көлік сауда үйінің алдында ер адамды қағып өлтірді

Оралда қыз бен жігіт ұрлап алған көліктерімен жол апатына түсті

Алматыда 16 жастағы қыз полициядан қашамын деп жол апатына түсті

Атырауда сырахана қонағы күзетшіні атып кеткен

Талқылау