Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда кафедегі төбелестен кейін 22 жастағы жігіт көз жұмды

9 мамыр күні Петропавлдағы кафелердің бірінде болған төбелестен кейін 22 жастағы жігіт қайтыс болды.

Петропавлда кафедегі төбелестен кейін 22 жастағы жігіт көз жұмды

Қайғылы оқиға туралы әлеуметтік желіде хабарланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Инстаграмдағы Петропавл жаңалықтары парақшасының хабарлауынша, жас жігіттің жағдайы төбелестен кейін нашарлаған. Оған жолаушылар көмектесуге тырысып, жедел жәрдем шақырған. Алайда, дәрігерлердің жансақтау шараларынан еш нәтиже шықпай, жас жігіт сол жерде көз жұмды. Қайғылы оқиғадан кейін полиция қызметкерлері кафені қоршауға алды.

Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі де жас жігіттің көз жұмғаны туралы фактіні растады. Сондай-ақ, олар 22 жастағы жігіттің қандай жағдайда қайтыс болғанын нақтыланып жатқандарын атап өтті.

«Сәрсенбі күні “Азия” кафесінің жанында 1996 жылы туылған Жамбыл ауданының тұрғыны қайтыс болды. Өлімнің себебін анықтау үшін мәйітті сот-медицина сараптамасына жібердік. Жас жігіттің қандай жағдайда мерт болғаны нақтылануда», – деп түсіндірді ІІД.

Оқи отырыңыз:

Мас күйінде рөлге отырған: Павлодар-Қызылорда жолында көлік апатынан үш адам көз жұмды

Сотталған актер Ерлан Біләл 16,5 миллион теңге айыппұлды төлей алмай жатыр

Оңтүстік Қазақстанда экстремистік идеология туралы насихат жүргізген 8 адам ұсталды

Соғыс кезінде немістердің қолына тұтқынға түскен отандастарымыз неліктен опасыз деп танылды?

 

Талқылау