Петропавлда үлескерлердің үйі Ресей президентінің кесірінен салынбайтын болған

Бейсенбі, 20 Сәуір , 2017 21:39

Құрылысты созбалаңға салған фирма өкілдері осылай деп уәж айтты. Яғни бұл компания өткен жылы Қызылжарда жоспарланған Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтары форумының Астанаға ауысқанынан зардап шеккен көрінеді. , – деп хабарлайды КТК арнасы.

0жзх

Былтырдан бері құрылысшыларға тыныштық бермеген әкімдік енді үй тұрған жерді күштеп тартып алмақ. Ал екі ортада үлескерлер баспанадан да, ақшадан да айырылып отыр. «Кансам» құрылыс фирмасының өкілі Махаббат Есенбаеваны қоршап тұрған мына жұрт – осы үйдің үлескерлері. Әдетте төбе көрсетпейтін оны бүгін қала әкімі шақыртып, халықпен сөйлесуге міндеттепті. Айтуынша, үйдің дер кезінде салынбауына анау-мынау емес, Путиннің өзі кінәлі. Яғни былтыр жазда Петропавлда екі елдің шекаралас аймақтарының форумы өтуі тиіс еді. Оған дейін қаланың кіре берісіндегі бұл ғимарат салынып бітуі керек екен. Бірақ саяси шара Астанада өтетін боп қалған.

“Кейін саммит өтпейтін болып, Путин келмей қалды. Содан бастап әкімдік бізді бұл жерден кетіру үшін бәрін істеді. Қайта-қайта тексеру жіберіп, мұрша да берген жоқ. Ақыр соңында құрылысқа берген рұқсатының күшін жойып, жерді мемлекет меншігіне алу туралы шешім шығарды”, – дейді құрылыс фирмасының өкілі Махаббат Есенбаева.

Ал әкімдіктегілер құрылысты созбалаңға салған фирманың өзін айыптап отыр. Егер үй уақытылы, яғни былтыр жазда берілгенде, оған ешкім тиіспеуші еді. Әрі қаңырап тұрған ғимарат қаланың сәнін кетіреді дейді олар.

Қаланың бас жоспары бойынша бұл жерде 9 қабатты үй болады. Оның құрылысы бір-екі айда басталмақ. Құрылысшылар толығымен бұл ғимаратты бұзып, қайта саламыз деп отыр. Өйткені оның іргетасы тек үш қабатқа ғана есептелген екен. Ал барлығы 50 миллион теңгесін құрылысшыларға ұстата салған 11 үлескердің жағдайын енді сот шешпек. Бұл іске қатысты тергеу амалдары да басталыпты. Үлескерлердің ендігі үміті тек әкімдікте.

“Қазір келісім комиссиясы құрылды. Осындағы құрылыс материалдарының, жердің құны есептеліп, фирманың  атына ақша аударылатын болады. Өйткені заң бойынша олар осы жердің иелері. Өз ретінде бұл фирма үлескерлермен есептесуі тиіс”, – дейді Петропавл қалалық әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Динара Рақымжанова.

Сонымен 11 үлескердің пәтерсіз қалатыны анық. Әкімдік фирмаға қанша ақша аударады, оның сомасы жапа шеккен жұрттың бәріне жете ме, ол арасы әзірге белгісіз. Өйткені жұрт екі рет сотталған фирма басшысына аса сеніңкермей де отыр.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда мүгедекті автобустан теуіп шығарған кондуктор әйелге іздеу жарияланды

Қарағандылық жігіт “Шахтер” футболшысының әмиянын ұрлап кетті

Перуашевтің асхана мен дәретханасы ортақ жатақхана салу туралы ұсынысын Үкімет құптамай қойды

Шетелдікпен некелескен Қазақстан азаматтарына жер беруге тыйым салынады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар