Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық жігіт автотұрақтағы орынды бөлісе алмай атыс жасады

Павлодарда автотұрақтағы орынмен бөліспей, атыс жасаған ер адам ұсталды. Бұл туралы КТК хабарлайды.

crop

Бұзақыны қолға түсіру үшін полицейлер шекараны да бекітуге мәжбүр болған. Бір көлік жүргізушісі жараланды. Дәрігерлер оның жағдайын қалыпты деп бағалап отыр.

Ал әлгі жігіт зардап шегушіні травматикалық тапаншадан атқан. “Лексус” пен БМВ жүргізушілері автотұрақта орынға таласып қалған. Олардың біреуі ұзақ дауласып тұрмастан бірден қаруға жүгінген. Ал сосын тезірек табанын жалтыратуға тырысыпты. Қазір полицейлер күдіктіні тергеуге алып жатыр. Зардап шегушінің де денсаулығы қалыпқа келген соң, тәртіп сақшыларының алдында жауап бермек.

“Ер адам бетінен, арқасынан жараланған. Ми шайқалуы диагнозы бойынша ауруханаға келіп түсті. Таңертең жағдайы қалыпқа келді”, – дейді Павлодар қалалық №1 ауруханасының дәрігер-нейрохирургы Дәурен Сафиолла.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте қиранды астынан бесіктегі сәбиді шығарып алу сәтінің видеосы пайда болды (видео)

Қарағандыда телефонына қарап тұрған баланы автобус қағып кетті (видео)

Атырау қаласындағы мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімін өлтіріп кетті

ШҚО тұрғыны бір жыл бойы ағасының қыздарын зорлап келген

Талқылау