Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық жас өнертапқыш мектебін электр энергиясымен қамтамасыз етпек

13 жастағы Павлодарлық өнертапқыш Артем Сухоносенко мектебін жарықпен қамтамасыз етуге уәде беріп отыр. Ол өз сыныптастарын балама қуат көзі ретінде пайдаланбақ.

bcb5ba372234d06db1bb0e5cecd2831e

Сурет ©ЭК/Даурена ХАИРГЕЛЬДИН

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

«Бір күні үзіліс кезінде мектеп дәлізінде көп балалардың жүгіріп жүретініне назар аудардым. Бұл деген ешкім пайдаланбайтын өте үлкен энергия қоры. Сосын пластиналық жапсырмасы бар еденге монтаждалып бекітілген аппарат құру керек деп шештім. Әр адамның еденге аяғы тиген сайын аппарат механикалық энергия бөліп шығарады. Бұл дегеніңіз келешекте электр жүйесіне де орасан пайда алып келмек», – дейді жас ғалым. 

Жас өнертапқыштың айтуынша, оның бұған ден қоюына «ЭКСПО-2017» көрмесі де себеп болыпты. Өзінің бұл өнертабысын Артем облыстық конкурсқа қатыстырған. Алайда педагогтар бұл ұсынысты қолдай қоймапты. Әділқазы мүшелері жобаны ойдан шығарылған деп бағалаған. Бірақ, Артем сағын сындырмапты. 42808eac0f7f4494fe156dd2e7fb2f58

«Біз әкеміз екеуміз Білім және ғылым министрлігіне хат жазамыз деп шештік. Біз олардың бұл жобаны қолдауын сұраймыз. Ең болмаса пилоттық жоба ретінде жергілікті өзіміздің мектепте ғана сынап көрсек дейміз», – дейді Артем.

Дәурен Хайргелдин

Талқылау