Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық түлектер әлемдегі үздік университеттерде оқуға мүмкіндік алды

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен Павлодар облысының білім беру басқармасы павлодарлық түлектердің әлемнің үздік университеттерінде оқуға болатындығы туралы меморандумға қол қойды.

 Павлодарлық түлектер әлемнің үздік университеттерінде білім алу мүмкіндігіне ие болды

Бұл туралы Павлодар облысы білім беру бөлімінінің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Кездесу барысында облыстың білім басқармасы және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ арасында білім беру технологияларын дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар шетелде кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілікті арттырудың халықаралық бағдарламалары бойынша бірқатар шараларды іске асыруда ынтымақтасуға ниетті»,- деп хабарлады Павлодар облысы білім беру бөлімінінің баспасөз қызметі.

Павлодар облысының түсті металлургия колледжінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Жанболат Мелдешов Павлодар облысының білім беру бөлімінің бастығы Дінислам Болатханұлымен кездесу өткізді.

«Павлодарлық түлектер әлемдегі үздік университеттерде оқуға мүмкіндік алады», – деп хабарлады білім басқармасы құжатқа қол қойғаннан кейін.

Айта кетейік, Павлодар облысына жасаған сапар аясында Жанболат Мелдешов жалпы білім беретін мектептер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектерімен, сондай-ақ «Серпін» республикалық мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алатын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерімен кездесті.

Тағы оқыңыз:

ШҚО-да күйеуінен таяқ жеген жүкті әйел жұбайын пышақтап өлтірді

Көршісіне алданып қалған 89 жастағы тыл ардагері пәтерін қайтарып алды

Батыс Қазақстанда 34 жастағы ер адам із-түссіз жоғалып кетті

Қытайлық консул түрмеде отырған оралмандарды құтқаруға уәде берді

Талқылау