Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстанда 34 жастағы ер адам із-түссіз жоғалып кетті

Батыс Қазақстан облысында іс-түссіз жоғалып кеткен азамат іздестірілуде.

Батыс Қазақстанда 34 жастағы ер адам із-түссіз жоғалып кетті

Бұл туралы БҚО-ның Ішкі істер департаментіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қазталов ауданының ІІБ қылмыстық полиция басқармасының уәкілетті жедел тобы Асан Мүстағатовтың айтуынша, 18 сәуірде Ақпатер ауылының 34 жастағы тұрғыны жоғалып кетті. Ол сол уақыттан бері іздестірілуде.

Батыс Қазақстан облысы Ақпатер ауылының 34 жастағы тұрғыны Дамир Сатыбалдиев кешкі сағат 17:00 шамасында үйден шығып, қайтып оралмаған. Белгілері: бойының ұзындығы – 165-170 см, арық денелі, шашы қысқа, қара. Сол күні ол сұр киімде болған. Сондай-ақ, сұр шалбар мен қоңыр аяқ киім киген болуы мүмкін.

Оны көрген немесе қайда екенін білетін адамдар БҚО-ның Ішкі істер департаментінің телефон нөміріне 8 (7112) 51-04-50, 92-10-26 немесе 102 телефоны бойынша, сондай-ақ 8 (71138) 21-150, 21490 телефоны бойынша Жалпақтал полиция бөлімінің кезекші бөліміне хабарлауды сұрайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін осы аймақта өткен жылы жоғалып кеткен адамның денесі табылған.

Тағы оқыңыз:

Қытайлық консул түрмеде отырған оралмандарды құтқаруға уәде берді

Мыңжылдық тарихы бар Алматы ағашсыз қалуы мүмкін

«Өмірім менің, кешір»: Қайтыс болған Томирис Байсафаның анасы әлеуметтік желіде жүрек тебірентерлік жазба жариялады

Танымақ түгілі атын да білмеймін: Мәскеуде университет терезесінен құлаған Томирис Байсафаның өліміне кінәлілер әлі бостандықта жүр 

Талқылау