Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық кондитер 70 келі болатын торт пісірді

Павлодарда әуесқой-кондитер Ольга Гуляева туған ауылы бейнеленген салмағы 70 келі болатын торт пісірді. Мерекеге орай пісірілген торттан ауыл тұрғындары да дәм татты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Ольга Гуляева торт пісіруді өздігімен үйреніп, 18 жылдан бері осы іспен айналысып келеді. Ол Ресейлік аспаз Ринат Агзамовқа еліктейтінін де жасырмады.

«Маған Ринат Агзамовтың пішінді торттары ұнайды. Оның торттарына қарап өзім үйреніп аламын. Қазір биіктігі 30 сантиметрден аспайтын торттарды пісіре беремін», – дейді Ольга.

Ауыл әкімі ұсыныс тастаған бұл торт бір апта ішінде үй жағдайында дайындалған. Әрлеуге 9 сағат жұмсалды.

Кондитердің айтуынша, ең қиыны торттың сыртқы қаңқасын орналастыру болған.

«Ауыл әкімі Аждар Сағынтайұлы Масленица мерекесіне орай үлкен торт пісіруге ұсыныс тастады. Мен ойланбастан келісім бердім. Себебі өз күшіме сендім», – дейді ол.

Ауыл әкімі Аждар Жүсіповтың айтуынша, тортты дайындауға жергілікті кәсіпкерлер демеушілік жасаған.

Салмағы 70 келіні құрайтын торттың биіктігі – 1,52 см, ені – 1,25 см.

Бұдан кейін Ольгаға жергілікті кәсіпкерлерден де қызық ұсыныстар түсуде. Олар кондитермен бірігіп тәтті торттар сататын дүкен ашқысы келеді.

Ол ресейлік кондитер Ринат Агзамовтың сабғынан өтуді ойлаған. Бірақ, Ольга өз ауылында кондитерлік дүкенін ашуды армандайды.

«Қазақстанда тұрып торт пісіруді жалғастыра беремін», – дейді Ольга

Тағы оқыңыз:

Жас жігіт ойын кезінде өзін құлатып жіберген бойжеткенге тосыннан ұсыныс білдірді (фото)

Екі қолы жоқ болса да кірпіш қалап нәпақасын тауып жүрген мүгедек жігіт елді сүйсіндірді (видео)

Ақтөбелік мұғалімдер оқушылармен бірге аулада от жағып орыстың Масленица мерекесін тойлаған

Күшіктері жоқ ит маймыл асырап алды (видео)

Талқылау