Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық еріктілер көмекке мұқтаж науқас балаларды емдеу үшін қайырымдылық ісін бастады

«Павлодар еріктілер клубы» «Қазпочта» АҚ бірлесіп, «Қайырымды үлес» акциясын бастады.

Еріктілердің айтуынша, акция идеясы бір күнде шыққан жоқ. 4 сәуір күні осы қаржы институтымен меморандум жасалды, деп хабарлайды pavlodarnews.

«Әрекетіміздің кілт сөзі «қайырымдылық. Сондықтан жаңа шара көмек қажет адамдарға әсіресе, шұғыл ем керек балаларға арналған. Игі іске әр адам қатыса алады. Жұмсағысы келген қайырымдылықтың көлемін өзі анықтайды. Қазпочтада коммуналдық қызмет, несие, айыппұлдарын төлей отырып қайтарым ақшаны қайырымдылыққа қалдыра алады. Бұл бес теңге немесе қомақты қаржы болуы мүмкін. Оператор ол қаржыны «Қайырымдылық» қоғамдық қорының жеке есебіне аударады», – деді ерікті Мира.

Сонымен қатар, келісімге сәйкес «Қазпочта» «қайырымды үлестің» шығынын бақылай алады. Еріктілердің 40 мың адамы бар Instagram-дағы @club_dobryakov_pavlodar_ парақшасында түскен қаржының қандай мақсатта жұмсалып жатқандығы жөнінде есеп беріліп отырады. «Біз айқындыққа жақпыз» – дейді Павлодар еріктілер клубы. Еріктілер өңірдегі банктер бұл акцияны қолдайды деп сенеді. Айта кетйік, «Қайырымды үлес» акциясы «Қазпочта» АҚ барлық павлодарлық филиалдарында басталды.

Тағы оқыңыз:

Астанада қайырымды жандардан бөлек өз пайдасын ойлайтындар да көбейді

Назарбаева әскери телеарна ашуды ұсынды

“Алтын белгі” төсбелгісі 500 мың теңгеге сатыла бастады

Талқылау