Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодардың орталығында ішінде жолаушылары бар трамвай рельстен шығып кетті

Павлодардың орталығында трамвайлардың қозғалысы бірнеше сағатқа тоқтатылды. Оған ішінде жолаушылары бар трамвайлардың бірінің рельстен шығып кетуі себеп болған, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Павлодардың орталығында ішінде жолаушылары бар трамвай рельстен шығып кетті

Апатқа кәдімгі сомын кілті себеп болыпты. Жолдың қиылысынан өтіп бара жатқан вагон бөгетке соқтығысып, артынша рельстен шығып кеткен. Мұнан кейін трамвай рельстердің арасындағы қоршауға соғылып, бағананы жұлып әкеткен. Апат кезінде вагонда 20 адам болыпты. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.

Апаттан кейін жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық желіні тоқтан ажыратуға тура келген. Мамандардың болжамынша, сомын кілті рельстің жанынан өтіп бара жатқан көліктердің бірінен түсіп қалған болуы мүмкін.

«Бұл төтенше жағдай вагонның қолдануға жарамсыз болғандығынан орын алған жоқ. Оған травмай жүретін жолда бөгде зат, яғни сомын кілтінің жатқаны себеп болды. Нәтижесінде вагон рельстен шығып кетіп, бағанаға соғылды. Қалпына келтіру жұмыстары басталды», – дейді «Павлодар қалалық трамвай басқармасы» АҚ-ның баспасөз хатшысы Тимофей Голев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау