Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда жоғалған Бауыржанның ата-анасы видео сәлемдеме түсірді (видео)

Павлодарда 5 маусым күні белгісіз себептермен жоғалған Бауыржан Нұрмахамбетовтың ата-анасы ұлдарын шақырған видео түсіріп, интернет желісіне таратты.

новый коллаж

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ата-анасы ұлының қай жерде екенін білетіндерден көмек сұрады. Нұрмұхамбетов үйінен кетерде ата-анасымен қатты ренжіскен екен. Осының салдарынан үйге келуге ұялып жүруі мүмкін деген болжам бар. Мұнымен қатар, оны біреулер құлдықта ұстап отыруы мүмкін деген нұсқа бар.

Жігітті полиция ғана емес, ондаған еріктілер іздестіріп жатыр. Мұнымен қатар, көріпкелдер де көмек көрсетуге тырысуда. Волонтерлер Ертіс жағалауынан бастап Мичурин ауылына дейін қарап шыққан. Артынша Екібастұз аймағына аттанған. Дәл осы жерде Бауыржанды көрген куәгерді жолықтырған.

Бауыржан мен әкесі жер үй тұрғызып жатқан. Жоғалардың алдында үстіне ақ-көк сызығы бар футболка, спорттық шалбар және қоңыр жеңіл аяқ киім киген. Қалтасында шамамен 2-3 мың теңгесі болған. Әлеуметтік желіде тіркелмеген, ұялы телефонын үйге тастап кеткен.


Жіберіп алмаңыз:

Астанада жоғалған кәсіпкер әйелді көлігіне отырғызған таксиші іздестіріліп жатыр

Астанада түнгі клубтан шыққан бойы із-түзсіз жоғалған қыз іздестіріліп жатыр

Шымкентте жоғалған 14 жастағы қыз туралы жаңа деректер пайда болды

Ақмола облысында жоғалған әскеридің денесі табылды

Талқылау