Павлодарда жоғалған бүлдіршінді қызметтік ит іздеп тапқан

Сейсенбі, 19 Қаңтар , 2016 17:17

Павлодар қаласында облыстық ІІД кинологиялық қызмет орталығының кіші инспекторы Нияз Валиев өзінің Уллис қызметтік итімен алты жасар баланы іздеп табуға көмектескен.

ит

Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Қайырбаев көшесінде орналасқан үйден ұл баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама полицияға 18 қаңтар күні, кешке қарай анасынан келіп түскен.

«Баланы іздестіруге қылмыстық және жергілікті полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Тәртіп сақшылары көшелерді аралап, шағын аудандарды тексерді. Жоғалған ұлдың туыстары кинолог маман мен оның көмекшесіне баланың кеудешесін берді. Уллис киімді иіскегеннен кейін полицейлерді «Астана» мұз сарайына қарай алып келді. Осылайша, бала аман-есен туыстарына тапсырылды. Ата-анасы тәртіп сақшысы мен оның төрт аяқты досына жақсы жұмыс үшін алғыстарын білдірді», – деп жазылған хабарламада.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар