Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда жігітіне өкпелеген бойжеткен биіктен секіріп өлмек болды

Баянсыз махаббат өмірден баз кештірген. Павлодарда бесінші қабаттан секіріп өлмек болған бойжеткенді тәртіп сақшылары аман алып қалды, – деп хабарлайды ктк арнасы.

Снимок экрана (89)

Шатырда отырған қызды көрген тұрғындардың бірі 102-ге хабар берген. Мұнда жеткен полицейлер алдымен өзіне қол салуға бекінген азаматшамен тілдесуге тырысыпты.

Кейін төбеге шығып, оны райынан қайтарған екен. 22 жастағы бойжеткеннің осы үйде туысқанымен пәтер жалдап тұратыны анықталды. Куәгерлердің айтуынша, оны мұндай қадамға баруына баянсыз махаббаты себеп көрінеді. Бірақ қыз сабасына түскен соң, шатырға шаһар көрінісін тамашалау үшін шыққанын айтып ақталды.

Енді ол бүкіл жедел әрекет ету құрылымдарын бекер дүрліктіргені үшін бұзақылық бабы бойынша істі болуы мүмкін.

Талқылау