Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерлер екі теңгенің кесірінен жәрдемақыдан қағылды

Зейнетақыдағы бар-жоғы екі теңгеге айырмашылық павлодарлық тұрғындарды жеңілдіктерден айырып тастады. Қарттар күні қарсаңында қала билігі екі жарым мың теңгеден біржолғы жәрдемақы берген. Бірақ Олег Кутин бұл жәрдемақыны алатындар тізіміне енбей қалған. Оның зейнетақысы бірнеше теңгеге ғана жоғары болған. Бірақ бір-екі теңгенің әсерінен жәрдемақыдан құр қалған жалғыз Олег ақсақал емес екен.

dsc_0133

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Олег Кутиннің жасы 68-де. Зейнетке шыққанына бес жыл болса да тыным таппай тиын тауып жүр. Ол 38 мыңға әзер жететін зейнетақысын пәтерақы, дәрі, азық-түлікке жеткізуі керек. Мұндай кезде мемлекет беретін 2500 теңгенің өзі әжептәуір көмек. Бірақ, сол ақшаның өзі бұйырар емес.

“Әр ай сайын екі теңгеге бай болып шығамын. 12 айда 2545 теңгенің орынына 24 теңге”, – дейді ол.

Ол 25 жыл бойы еліміздің жылу энергия орталықтарында жөндеу жұмыстарын жүргізумен айналысқан.

“Мен санап отырмын, бұл дұрыс емес. Ай сайын екі теңгеге көбейтіп қояды да, соңында ештеңе де жоқ”, – дейді реніш білдірген ақсақал.

Былтырғы жылы еліміздегі ең төменгі зейнетақы 34 874 теңгені құраған. Олег Кутинде бір теңгеге жоғары болыпты. Ал бұл жылы екі теңгеге өскен. Қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі үкімет бекіткен жәрдемақы беру ережесін бұзып отырғанымыз жоқ дейді.

“Табыс ең төменгі зейнетақы мөлшері 37 789 теңгеден аспауы тиіс. Зейнетақы мөлшері 1 теңгеге асып кететін адамдар бар екенін білеміз. Бірақ, өкінішке орай ондай жағдайда біз оларға төлей алмаймыз”, – дейді қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі жетекшісінің орынбасары Рымкеш Сағынова.

Павлодарда 50 мыңға жуық зейнеткер тұрды. Ал мейрамға орай берілген жәрдемақыны тек екі мыңы ғана алған.

Оқи отырыңыз:

Баспаналы болған ата-ана өз баласына Жилстройбек деп ат қойды

Жақып Асанов Қарағанды облысының прокурорларын жаппай отставкаға жіберді

Ақтөбеде ауылға келіп көршісінен зорлық көрген жас дәрігер қыз ауруханадан шықты

Маңғыстауда оқушысының басынан кітаппен ұрған мұғалім сот алдында жауап берді

Талқылау