Ақтөбеде ауылға келіп көршісінен зорлық көрген жас дәрігер қыз ауруханадан шықты

Бейсенбі, 13 Қазан , 2016 8:51

Ақтөбеде медицина университетінің 25 жастағы түлегі ауруханада бір айға жуық емделді.

lejat-v-bolnice-1

Бұл туралы Диапазон хабарлайды.

19 қыркүйек күні жедел медициналық жәрдем ауруханасына көршісінен зәбір көрген әйел жеткізілген болатын. Дәрігерлер жағдайын орташа ауыр деп бағалады: оның тістері сынып, денесінде сау жері болмаған. Ауруханада өзге дәрігерлермен бірге психологтар жұмыс істеді.

«Науқастың жағдайы жақсарды, жақын күндері ауруханадан шығардық, тұрғылықты жерінде қосымша ем қабылдайтын болады», – деп атап өтті жедел медициналық жәрдем ауруханасының бас дәрігер орынбасары Ардақ Есенжолова.

Келіншек жұмыс істейтін Әйтеке би аудандық ауруханасы оның ауылда қалатыны, не қалмайтыны әлі белгісіз екенін хабарлады.

25 жастағы дәрігер төрт ай бұрын «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша шалғайдағы ауылға жұмысқа келген. Оны 47 жастағы көршісі аяусыз соққыға жығып, зорлаған. Қылмыс дәрігердің үйінде орын алған. Қыздың дауысын естіген өзге көрші жедел жәрдем мен полиция шақырған.

Жас дәрігер жеті айлық ұлын жалғыз өзі тәрбиелеуде. Оқиғадан кейін емізулі баланы туыстары алып кеткен.

Жәбірлеуші күдікті қамауға алынды.Оның бес баласы бар, үлкен балалары отбасын құрған.

Жіберіп алмаңыз:

Жас жігіт пен қартаң әжей тал түсте тұрғын үйдің жақтауында секспен айналысқан (видео)

80 жастағы анасын шырақтармен жүрек жасап жасап қарсы алған ұлының әрекеті жұртты елжіретті (видео)

Маңғыстауда оқушысының басынан кітаппен ұрған мұғалім сот алдында жауап берді

“Тұлпар-Тальго” пойызының вагондары жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатып, ажырап кеткен

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар