Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында жас дәрігер қызды көршісі айуанша сабап зорлап тастаған

Оқиға 19 қыркүйек күні болған. Дәрігер қыз Әйтекеби ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келген. Ол бар-жоғы 4 ай ғана жұмыс істепті.

rape_pregnancy_rect_620x412

Бұл  туралы Диапазон хабарлайды.

«Дәрігер ата-анасыз өскен. Оның 7 айлық сәбиі бар. Денесінің сау тамтығы қалмаған. Адамдар қан өткізіп, қаражат жинап көмектескісі келеді. Әзірге емханада ешнәрсе керек еместігі айтылды», – дейді аудандық емханадағылар.

«25 жастағы дәрігер қыз бізге былтырғы жылы келген. Жақсы маман, мінезі де салмақты. Баласын бір өзі асырап отыр. Шалғайдағы ауылда амбулатория ашылып, учаскелік дәрігер керек болды. Ол жерде қызметтік пәтер де берілді. Баласына күтуші жалдап, өзі жұмысқа шыққан. Сәбиін туыстары алып кетті. Дәрігердің жағдайы ауыр», – дейді аудандық емхана басшысының орынбасары.

Ауылдық округ әкімдігінде оқиғаны тағы бір көрші азаматтың хабарлағанын айтты. Ол түннің бір уағында айқайды естіген. Жедел жәрдем мен әкімдікке хабарласыпты. Күдіктінің таңертең қамауға алды.  Ол бірнеше үйден кейін тұрған көршісі. Өзі интернат құрылысында жұмыс істейді екен. Жасы 47-де, 5 баласы бар. Үлкен екі баласы үйленген.

 

Талқылау