Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда трамвай тағы да апатқа ұшырады

8 қыркүйек күні Павлодарда №1 бағыттағы трамвай рельстен шығып кетті. Оқиға таңғы 6:54 шамасында болған.

1504855837_73f6ba925b6c2d8ab0d81a8825f58c647c652afd

Бұл туралы pavon.kz хабарлайды.

Трамвай басқармасының хабарлауынша, Ворушин көшесі соңғы аялдама болған. Жүргізуші жолаушыларды шығарып, жаңа адамдарды отырғызған. Қаладан шыға берісте артқы дөңгелектен ақау шығып, жолдан тайып кеткен.

1504855812_47b4a0c1662e2f50ff1587bcd501e0fcbafe6d56

Оқиға орынына жеткен арнайы бригада арнайы техниканың көмегімен трамвайды қайтадан рельске салды. Сағат 7:40-та қозғалыс қайтадан жанданды.

Еске салсақ, кеше кешке 7:43-те Ломов және Катаев көшелерінің қиылысында адам шошырлық апат болған. 2007 және 2009 жылы туған қыздар трамвай астына түсіп, үлкені көз жұмып, кішісі ауруханаға түскен. Трамвайды бес жылдық тәжірибесі бар 30 жастағы әйел басқарыпты.

Зардап шеккен қыздардың анасы күйеуі қайтыс болып, екі баланы өзі тәрбиелеп отырған. Қазір еріктілер бұл отбасыға көмек көрсетіп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Қарағандыда мысықты тірідей өртеген адам іздестірілуде

Көкшетауда із-түссіз жоғалған 15 жастағы қыз ғашығымен бірге табылды

Алматыда топырақ астында қалған 18 жастағы жігітті ешкім құтқара алмады

Таразда елдің үрейін ұшырған қанішер адамдарды өлтіріп, денесін қала шетіне көміп кетіп отырған

Талқылау