Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда трамвай қаққан оқушы қыздардың анасы кінәлі әйелден 1,5 миллион теңге талап етті

Павлодарда трамвай қағып кеткен апалы-сіңлілі оқушы қыздарға қатысты істе жаңа деректер шықты. Кезекті сот отырысына өзі келмеген олардың анасы трамвай жүргізушісінен 1 жарым миллион теңге моральдық шығын өндіруді сұрапты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Шынар Уәлитованың бұл шағымын сотқа адвокаттары оқып берді. Жалғызбасты әйелдің моральдық шығын сұрауына 8 жасар қызының әлі күнге дейін сабаққа бармай, емделіп жүргені себеп.

Естеріңізге салсақ, апалы-сіңлілі екі оқушыны 7-ші қыркүйекте трамвай қағып өткен болатын. 10 жасар Махаббат Масғұт сол жерде көз жұмса, сіңлісі Марал ауруханаға жеткізілген. Қайғылы оқиғадан соң Павлодар жұрты жатақхананы паналап келген марқұм қыздың отбасына 20 миллион теңгеден асатын қаржы жинап, Екібастұз қаласынан жабылып үш бөлмелі пәтер алып бергенін айта кетейік.

Ал бүгін айыпталушының өзінен 1 жарым миллион теңге моральдық шығын талап еткен Шынар Уәлитованың адвокаттары бұл сома өтелген жағдайда, кінәсін мойындау туралы мәмілеге келісуге ниетті екенін жеткізді. Тараптардың ортақ шешімге келер-келмесі елесі бейсенбіде анықталуы тиіс.

Жіберіп алмаңыз:

Қостанай облысында педофил 10 жасар қызды зорлап кетті

Алматы облысының полицейі жұмыс орнында тұратын болды

Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалған жігіттің ақыры мәйіті табылды

БЖЗҚ ісі: тағы бір куәгер тергеушілерден қысым көргенін мәлімдеді

Талқылау