Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БЖЗҚ ісі: тағы бір куәгер тергеушілерден қысым көргенін мәлімдеді

БЖЗҚ-да жұмыс істеген Асқар Ахметов моральді-психологиялық қысым көргені туралы айтты.

Көрнекі сурет

Бірыңғай жинақ зейнетақы қорының бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істің куәгерлері тергеу тарабынан қысым көргендерін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында ашық сот отырысында БЗЖҚ бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс қаралуда.

БЗЖҚ-да инвестициялық талдау департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеген Асқар Ахметов сотқа дейінгі тергеу органдары тарабынан қысым көргені туралы мәлімдеді.

“Бұдан бұрын айтылған ақпаратты қысым көргендіктен бердім, тергеу органдары қысым көрсетіп, қол қоюға мәжбүрледі. Моральдық-психологиялық қысым жасады. Бүгін үйіме қайтамын ба, жоқ па, берген мәліметіме байланысты болатынын ұғындырды”, — дейді ол.

Бұрынғы сот отырысында БЖЗҚ инвестициялық талдау және проблемалы активтер басқармасының бұрынғы басшысы Абай Жайықбаев куәгер ретінде тергеушілер тарабынан моралдік қысым көргенін айтқан болатын.

Сотқа шақырылған тергеушілер куәгерлерге ешқандай қысым көрсетпегенін мәлімдеді.

Тергеу нәтижелеріне сәйкес, 2016 жылы 6 қазанда KASE-дегі биржалық шарт нәтижесінде БЖЗҚ жалпы сомасы 5 миллиард теңгеге “Бузгул Аурум” ЖШС-нен 500 мың облигация сатып алған. Шын мәнісінде бұл компанияның облигацияларын инвестициялауға рұқсат етілмеген болатын. Қор басшылығы ескертуге құлақ аспай, осы шартты жасасқаны үшін ЖШС басшыларынан ірі көлемде пара алады.

Айыптаушылардың айтуынша, жоғарыда көрсетілген шартты жасасу нәтижесінде мемлекетке ірі көлемде шығын келген – 5 миллиард теңге сомасында.

Қылмыстық істі тергеу нәтижесінде 18 қарашада БЖЗҚ бұрынғы басшысы Руслан Ерданаев, БЖЗҚ тәуекелдер департаменті басқармасының бұрынғы басшысы Мұса Бақытов, “Бузгул Аурум” құрушы Бақытжан Кенжебаев, “Бузгул Аурум” директоры Азат Найзағарин, “МегаТрансАзия”  ЖШС директорының орынбасары Талғас Тұртаев ұсталып, сотқа берілді.

Мемлекеттік айыптаудың мәліметінше, БЖЗҚ бұрынғы басшысы мен оның орынбасары Медетбеков “Бузгул Аурум” ЖШС облигацияларын сатып алғаны үшін 700 мың долларға ие болған.

Тағы да оқыңыз:

Инстаграмда қате жазатын жұлдыздар кімдер?

80 жастағы зейнеткер жаңа танысқан әжейді зорлап тастады

Елімізде несие алушылар банктен комиссия шығындарын өтеп алып жатыр

Талқылау