Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда сегізінші қабаттан құлап кеткен ер адам оқиға орнында көз жұмды

Павлодар қаласында Естай көшесі, 83 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатынан құлап кеткен ер адам оқиға орнында көз жұмды.

12659839_612057988953581_1794488537_n.e8e29a005ae6f678cf2324ae5600701d17388

Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Пəтерге кіру үшін тәртіп сақшыларына облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының көмегіне жүгінуіне тура келді. Пəтер есігін бұзып кірген бір топ маман үй ішінен əйел адамды анықтады. Сондай-ақ бір бөлмелі пəтердің жалдамалы екені белгілі болды.

Алдын ала мəліметтерге қарағанда ер адам ас үйдің терезесінен құлап кеткен. Полицейлер бұл оқиғаға қатысты əзірге еш ақпарат таратпай отыр. Ал ер адаммен бірге болған азаматшаға медициналық көмек көрсетіліп, тергеу жүргізілуде.

Талқылау