Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда полицейлерді мазақ қылған қос келіншек қар тазалады

Полицияны келеке қылған павлодарлық келіншектер айыбын жуу үшін қолдарына күрек ұстап, қар тазалады. Ішімдікке сылқия тойған екеуі бұған дейін дәл облыс әкімдігінің алдында аузына келгенін айтқан, деп хабарлап отыр КТК.

787878

Ащы суға әбден қанған екеуі түнде облыс әкімдігі ғимаратының алдына келіп ерсі әрекеттерін одан әрі жалғастырған. Ыдыс таппаған соң арақты бөтелкенің аузынан сіміре беріпті.

Алена мен Ольга бұл әрекеттерін полиция өкілдерінің салғырттығын көрсету үшін істеп жатқандарын айтып қояды. Алайда, полиция оларды кейін тауып, сазайын берді. Әрқайсысына 40 мың теңгеден айыппұл салып, әрі бұзақылық әрекеті үшін тағы сот алдында жауап бермек.

Бұл ісіне өкінген екі қыз жұрттан кешірім сұрап, айыбын жуу үшін қолдарына күрек ұстап қар тазалады.

Оқи отырыңыз:

Темекі шеккен хиджабтағы қыздар желі қолданушыларын шошытты (видео)

Қайырымды жастар екі бүйрегі істен шыққан Жәнелге 12 млн теңге жинап берді

Оралда “жеңгетайлар” жезөкшелерді пайдаланып ақша тауып келген

Ұлттық символды аяқ астына таптаған ағылшын тілі орталығы тұрғындардың ашуын келтірді

Талқылау