Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда қызының жоғалғаны жайлы жалған ақпарат берген ер адамға айыппұл салынды

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Оңтүстік бөліктегі полицейлердің кезекші бөліміне ер адам хабарласып, ауласынан қызының жоғалып кеткенін айтқан. Қызды іздеуге қала гарнизонының барлық құрамы жұмылдырылған.

9039580

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Қызының қайда екенін білмеген әкесі мас күйінде полицияға хабарласып, қызының жоғалғанын айтқан. Алайда, ол кезде қызы бала-бақшада болған екен. Енді ол 63 мың 630 теңге айыппұл төлейді.

Қызды табу үшін полицейлер жақын маңдағы үйлер мен подъездерді, шатырларды іздеген.

Тәртіп сақшылары қыздың әжесіне хабарласып, қыздың бала-бақшада екенін білген. Олар бала-бақшаға барғанда, қыздың таңертеңнен бері сонда болғаны белгілі болды. Кешкісін оны ешкім алып кетпеген.
«Ұқыпсыз әкеге қатысты ҚР ӘҚжК «Арнайы қызмет орнына жалған ақпарат беру» бабы бойынша 30 АЕК (63 630 теңге) көлемінде айыппұл төлеу туралы әкімшілік протокол толтырылды», – делінген хабарламада.

Талқылау