Павлодарда көз жұмған әйел 4 адамның өмірін құтқарды

Сенбі, 19 Тамыз , 2017 14:14

Павлодар облысында биылдыққа көз жұмғаннан кейін өзгелерге донорлық еткен екінші адам тіркеуге алынды.

20170818215659

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлады.

Облыстың бас трансплантологы Дмитрий Потеребухтың айтуынша, 52 жастағы әйел қаладағы №3 емханада инсульттан көз жұмған.

«24 сағат бойы әйелдің миын бақыладық, бірақ ол ешқандай белгі бермеді. Консилиумның шешімімен әйелдің ми өліміне ұшырауы туралы шешім шығардық», – дейді дәрігер.

Бұдан кейін ақ халаттылар әйелдің балаларынан донорлыққа келісім алған. Сөйтіп 52 жастағы әйелдің жүрегін, қос өкпесін, бүйректері мен бауырын шығарып алған. Алайда кейіннен әйелдің бауыр ауруымен ауырғаны анықталып, ол органды трансплантациялау мүмкін болмапты.

Сонымен көз жұмған әйелдің органдары 4 адамға салынған. Алайда олардың есімін дәрігерлер құпияда сақтауды жөн көріп отыр.

Айта кетейік, Павлодар өңірінде сәуір айында көз жұмған әйел үш адамның өмірін құтқарып қалған болатын. Олардың арасында 13 жасар жасөспірім де бар.

Жіберіп алмаңыз:

Алматылық кәсіпкер орманда тұрған отбасыны жатақханаға орналастырды

Алматылық әйел күніне 100-ге жуық мұқтаж жанды тегін тамақтандырады

Қазақстан шекарасына заңсыз басып кірмек болғандар ұсталды

Алматы облысында қоқысқа тұншыққан жұрт жаппай ауруға шалдығып жатыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар