Қазақстан шекарасына заңсыз басып кірмек болғандар ұсталды

Сенбі, 19 Тамыз , 2017 10:16

Шекарашылар ескертуін елемей, оларға қарсы тас атып, шекарадан заңсыз жылқы өткізбек болған Жамбыл облысының тұрғындары анықталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, шекара қызметінің директоры «Астана» арнасына берген эксклюзивті сұхбатында айтты.

pogranichniki

Заңсыз әрекетке жол бергендердің барлығы тергеліп жатыр. Дархан Ділмановтың айтуынша, олар Қырғызстаннан келген контрабандалық жүкті, яғни жылқыны шекарадан заңсыз өткізбек болып, қоршауларды бұзған.

«Заңбұзушылыққа қатысқан барлық тұлғаларға қатысты және шекара қызметіндегі  инженерлік-техникалық нысанға нұқсан келтірген барлық тұлғалардың әрекеті анықталып, қазір оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жуық арада барлық нәтижелер белгілі  болады», – дейді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары,  шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов.

Еске салайық, өткен жексенбіде Жамбылдағы қазақ-қырғыз шекарасында оқ атылып, адам өлді. Шекара қоршауларын бұзбақ болған 20 шақты адамды шекарашылар тоқтатпақ болады. Алайда, олар сақшыларға тас атып, жарақаттайды. Заңсызсыздықты тоқтату үшін шекара қызметкері оқ атып, бір адам ажал құшады. Қазір екі тарапқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Шекарашының қару қолдану әрекетінің заңдылығы да тексерілмек.

Жіберіп алмаңыз:

Әблязовтің сыбайласы деп танылған журналист Жанболат Мамайға қатысты сот отырысы өтті

Оңтүстік Қазақстанда жұртты лаңкестікке үгіттеген азамат сотталды

Алматы облысында қоқысқа тұншыққан жұрт жаппай ауруға шалдығып жатыр

Елімізде сайлау кезінде интернеттегі үгіт бақылауға алынбақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар