Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде сайлау кезінде интернеттегі үгіт бақылауға алынбақ

Елімізде президент, парламент сайлауы кезінде кандидаттың интернеттегі әр қадамы қатаң бақылауға алынуы мүмкін. Бас прокуратура үміткерлердің ғаламторда жүргізген сайлауалды насихатын да заңмен қадағалауды ұсынды, деп хабарлады КТК арнасы.

угит насихат234

Қазір тек телеарна, радио мен газет-журналдар арқылы жүргізілген  агитациялық шаралар қадағаланады. Ал интернеттегі материалдар бақылаусыз. Сайлау туралы заңның талаптары дәл осы ғаламторда жиі бұзылады екен. Сондықтан интернетте таратылған фото, видео материалдар мен кандидатқа дауыс беруге шақыратын мәтіндерді қатаң қадағалау қажет дейді прокурорлар. Орталық сайлау комиссиясындағылар болса, сайлау кезінде комиссия қызметкерлерін саяси партиядан уақытша шығаруды сұрады. Референдум туралы заңға да өзгеріс енгізетін кез келді дейді мамандар. Сондай-ақ, президент, парламент сайлауы кезінде кандидаттың  табыс туралы тапсырған декларациясынан 25 мыңға жуық теңгеге дейін айырмашылық анықталса, кешіруді ұсынды.

«Бір айлық жалақы көлеміндегі соманы кешіруге болады. Себебі үміткер құжатты толтырғанда байқаусызда қате жібереді. Мәселен, банктен зейнетақысының жартысын қолма қол шешіп алып, жартысы шотында қалуы мүмкін. Ал ол ақшаны көрсетуді ұмытып кетеді. Осындай жағдайларда жеңілдік жасау керек», – дейді ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос.

Жіберіп алмаңыз:

19-21 тамызға арналған ауа-айы болжамы

Ақтөбелік әйел жоғалып кеткен баласын базардан іздеп жүр

Желі қолданушысы төсекте жігітін басқа біреумен қалай шатастырып алғанын айтты

Шымкентте жыландар үйлерге шабуылдап жатыр

Талқылау