Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда қаңтарда -45 градус аяз болуы мүмкін

Алайда “Қазгидромет” РМК синоптиктері Павлодар облысына 45 градустық аяз келмейтіні туралы уәде берді

moroz

Бұл туралы pavlodarnews.kz. хабарлады.

“Қазгидромет” РМК-ның баспасөз хатшысы Ахан Жанпейісов хабарлағандай, өңір тұрғындары үшін биылғы қыс қатаң болмайды. – Біз Павлодарда минус 45 градус аяз болмайтындығына жүз пайыз кепілдік бере алмаймыз. Сондықтан кез келген ауа райына дайын болған дұрыс. Дегенмен алдын ала болжам бойынша 20-22 қаңтарда солтүстік өңірлерде сынап бағанасы түнгі мезгілде 30-38 градусқа төмендегенде республика бойынша кезекті суық ауа толқыны орын алады, – дейді А. Жанпейісов. Синоптиктердің ақпаратына сүйенсек, сарышұнақ аяз суық антициклонға байланысты қаңтар айының соңына қарай келеді. Алдағы күндері Павлодар облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Дегенмен Қара теңізден келген жылы әрі ылғалды циклон солтүстік-шығысқа қарай ығысып, 10-11 қаңтар күндері солтүстікке, 11 қаңтарда орталық облыстарға ауысады. Желдің жылдамдығы 25м/с жетеді және ауа қысымы жоғарылап, жолдарда қалың қар жауып, боран соғады деп күтілуде. Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер қаңтар айында екі толқында күн суытады деген болжам жасаған. Осы жорамалға сәйкес Павлодарда термометр бағаны – 45 ºС төмендейді.

 

Талқылау