Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда ерлі-зайыптылардың романтикалық серуені трагедиямен аяқтала жаздады

Павлодарда құтқарушылар Ертіс өзенінде резеңке қайықпен серуендеген ерлі-зайыптыларды судан алып шықты.

9898

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

30 жастағы ер адам 27 жастағы әйелімен бірге қорғалмаған аумақта өзенге қайықпен түсіп түнгі қыдырыс жасамақ болған. Ал резеңке қайық аударылып кеткенде, олар жағаға өз беттерінше жетуге талпынады. Бірақ, тым алысқа ұзап кеткен екен.

“Түнгі 1:25-те айғайды естіп жедел-құтқару отрядының екі қызметкері көмекке келеді. Олар ерлі-зайыптыларды мотор қайықпен жағаға жеткізген. Зардап шегушілер медициналық көмек алудан бас тартты”, – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Оқи отырыңыз:

Көкшетауда танымал репититорды тура өз үйінде бауыздап өлтірген

Ақмола облысында екі айлық cәби анаcын еміп жатып тұншығып шетінеді

Қарағанды облысында браконьерлер инспекторлардың көлігін өртеп жіберді (видео)

Көкшетауда әйелді бауыздап өлтіріп, тонап кеткен осы отбасының танысы болып шықты

Талқылау