Павлодарда ер адам пәтер үшін әйелін өлтірген

Сенбі, 16 Қаңтар , 2016 12:39

Ер кісі өлімге қатысы бар деген себеппен күдікке ілініп отыр. Тергеу нұсқасы бойынша, мәселенің тым күрделеніп кету себебі әйелінің үш бөлмелі пәтеріне байланысты туындаған дау екен.

9019884

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Павлодар облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында әйелді өлтірді деп айыпталған ер адамға қатысты сот отырысы өтті. Сотталушы орындығында оның бұрынғы күйеуі мен 20 жасар жақын араласатын адамы отырды.

Павлодар қаласының 30 жастағы әйел тұрғыны өткен жылдың тамыз айында жоғалып кеткен. Әйелдің жоғалғаны туралы хабарланып, қалада белсенді іздеу жұмыстары жүрді. Әр жерге іздеу саламыз деп құлаққағыс еткен қағаздар ілініп, әлеуметтік желі пайдаланушыларын да көмекке шақырған. Алайда қараша айында оның тек денесін ғана таба алған. Сол кезде күдікті ретінде оның бұрынғы күйеуі мен досын ұстаған. Қайтыс болған әйелдің артында 12 және 8 жастағы екі баласы қалды.

Қорғаушының мәліметі бойынша еркек пайдакүнемдік әрекет негізінде өлімге соқтырған қылмысқа барды деген күдікпен айыпталып отыр екен. Үш бөлмелі пәтерді бөліске салған ерлі-зайыптылардың жанжалы адам өліміне соқтырды.

«Қайғылы жағдай орын аламын дегенше ол екеуі бірнеше рет ұрсысып, әйел өз шағымын да жеткізген еді. Өз мүлкімен бөліспегені үшін, күйеуі досын шақырып, әйелді өлтірген», – дейді қорғаушы.

Екі айыпталушы істі алқа билер соты қарауын өтінген. Алайда, соңында қылмыстық істі бір ғана сот қарайтын болып шешілді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар