Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда бір тонна ішімдікпен ұсталған азамат полицейлерге бәрін өзі ішетінін айтқан

Павлодарда полицейлерге соңғы жылдары алғаш рет үлкен мөлшерде ішімдік тапты. Бір тоннаға жуық спирттік ішімдіктің иесі полицейлерге оның бәрін өзі үшін алғанын айтқан, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Безымянный

Полицейлер саудагерді «Ертіс» постында үлкен мөлшердегі ішімдікпен «Форд-Транзит» ықшам автобусымен келе жатқан жерінен тоқтатқан. Олар жүргізушінің құжаттарын тексермек болған. Алайда, ішімдіктің иісін сезіп қалып, көліктің ішін тексерген. Көліктен 1600 күмәнді сұйықтығы бар шөлмек табылған. Полицейлер Екібастұз тұрғындарын жаппай техникалық спирттен уланудан аман сақтап калдық деп есептейді.

«Біздің бұл қандай өнім деген сұрағымызға ол өзіне арналған өнім екенін, оның бәрін өзі ішетінін айтып ақталды. Ол жерден 1600 шөлмек табылды. Бір адам оның бәрін ішу үшін алып адам болу керек шығар», – дейді Павлодар облысының ІІД-нің рота командир Арыстан Укиев.

Талқылау