Павлодарда дәрігерлер көшеде әлдекімді ұрып тастады: Төбелестің мән-жайы белгілі болды (видео)

Олар жедел-жәрдем станциясы қызметкерінің арнайы киімін кигенімен дәрігерлерге еш қатысы жоқ екен, деп хабарлайды КТК.

Таяқ жеп қалған ер адам медициналық қалдық таситын көлікті тонамақ болыпты. Мұны аңғарған фирма қызметкері оны ұстап, көнбеген соң тіпті тепкінің астына да алған. Куәгерлердің айтуынша, қашып құтылмақ болған бұзақы осы аумақтағы клиникаға жиі келетін арнайы көлікті бұған дейін де тонауға әрекеттенген.

Қазір бұл жайтқа қатысты полицейлер тексеріс бастаған. Ал ғаламторда тарап үлгерген бейнені желі қолданушылары қызу талқылауда. Мән-жайды білмей дәрігерлерді бекер сөгіп жатқан көпшіліктің бұл әрекетіне жедел-жәрдем станциясының жетекшілері де бей-жай қарай алмай отыр. Сондықтан беделдеріне нұқсан келтірген мекемелердің ісімен құзырлы органдар айналысса деп тілейді.

“Анықтағанымыз бұл біздің жедел-жәрдем станциясының қызметкерлері емес болып шықты. Түгел бригадаларды джипиэс бойынша бақылап шықтық.Осы бейне көрініс жазылған уақытта ешқай біздің бригада бұл аумақта мына Камзина, Павлова, Катаев көшесі кварталдарында ешбір бригада болған емес”, – дейді Жедел-жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Алмаз Мекішев.


Тағы оқыңыз:

Елімізде жеке куәлік пен төлқұжатқа адам аты мен тегі латынша жазылатын болды

ҰБТ-2018: Қандай сұрақтар алынып тасталды

ҰБТ-ға қатыса алмай қалған түлектерге қайта тапсыруға рұқсат беріледі

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар