Павлодарда 11 жастағы қыз өз кәсібін ашып, табыс тауып отыр

Павлодарда 11 жастағы Балнұр өз кәсібін бастады. Ол өз қолымен түрлі иіс сабындар жасайды.

Бұл туралы today.kz хабарлайды.

Сурет Балнұр Аманкелдінің жеке мұрағатынан

Балнұр Аманкелді 5 сыныптың оқушысы. Жақында ол өзінің жеке бизнесін бастады. Түрлі пішіндегі иіс сабындарды жасап, сатады.

“Демалыс кезінде Алматыға қыдырып барғанда жеңгем иіс сабындарды қалай жасау керек екенін көрсетті. Тез үйреніп кеттім. Алғашында жеңгемнің құралдарын пайдаланып жасап жүрдім. Негізі сабынды өзіме және отбасыма ғана істеймін деп ойлаған едім. Бірақ жасаған жұмыстарымды әлеуметтік желіге салғаннан кейін тапсырыс берушілер көбейіп кетті. Содан кейін өзімнің жеке кәсібімді ашу туралы ойландым. Алғашқы табысымды да таптым. Бірақ тапқан ақшамды әлі ешқайда жұмсамаймын. Осы істі ұлғайтамын. Біраз уақыттан кейін сіңліме кітап пен самокат алып бергім келеді”, – дейді Балнұр.

Балнұр қазір мерекелік иіс сабындар дайындап жатыр. 1 сағатта 4 сабын жасай алады екен.

“Барды, көрді, үйренді, ойланды, жоспарлады. Енді іске асыруға кірісіп кетті. Тапсырыспен әп-әдемі иіс сабын жасайды. Той-томалақта тарту-таралғыға таптырмайтын тамаша тәбәрік”,- дейді Балнұрдың әкесі.

Қызының жасаған жұмысын Фейсбук әлеуметтік желісіне жариялағаннан кейін бір күннің ішінде сексенге жуық тапсырыс түскен.  Ал Балнұр қанаты қатайған соң осы саланың қыр-сырымен бөлісіп, құрбыларына шеберлік сабақтарын өткізгісі келеді.

Оқи отырыңыз:

Елімізде банктегі қарызы кешірілген тұлғалар табыс салығынан босатылады

Болашақта қазақстандықтар несиенің пайызын төмендету немесе төлемін кейінге қалдыру мүмкіндігіне ие болады

Ақтау қаласының тұрғындары аспандағы біртүрлі құбылысты байқап қалды (видео)

Астанада дүкенде сатушының телефонын ұрлаған жігіт видеоға түсіп қалды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар